423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында 210 науқас пневмониямен тіркеуде тұр

  • 219
  • UPD: 09:31, 22.10.2020
Маңғыстау облысында 210 науқас пневмониямен тіркеуде тұр

Маңғыстау облысында 210 науқас пневмония дертімен тіркеуде тұр. Тамыз айында 68, қыркүйекте 94, ал қазан басталғалы бері 48 адам сырқат жұқтырғаны анықталып отыр.

Бұл туралы өңірдің штаттан тыс бас эпидемиологы Марал Қадыр мәлімдеді.

Айтуынша, қыркүйектен бастап коронавирус жұқтыру деректері де тіркеле бастады. Бүгінгі күні 38 адамның ағзасында Covid-19 белгілері бар екені дәлелденген. Дәрігерлер бұған дейін коронавирус не вирустық пневмониямен ауырған азаматтың күн салқында өкпесінің қайта қабынуы мүмкін екенін ескертеді. Қазіргі уақытта тәуекел топқа жататын 60 мыңнан астам адамға тұмауға қарсы вакцина салынған.

Марал Қадыр, өңірдің штаттан тыс бас эпидемиологы:

- Жыл сайын қыркүйек-қазан айларында дайындық жұмыстары жүргізіледі. Биылғы жылы да алдын алу шаралары тамыз айынан бастап жүргізілді. Оның ішінде ерекше топ өкілдерін алдын ала егумен қамту. Тәуекел топ өкілдері 98 пайызға дейін, 70 мыңға тарта адам осы тымау ауруына қарсы егілді. Ерекше топ өкілдері - жиі ауыратындар, иммунитеті әлсіз адамдар, жас балалар, созылмалы аурумен есепте тұрғандар, аяғы ауыр әйелдер және 60 жастан асқан үлкендерді барлығы да грипке қарсы вакцинациямен қамтылуға тиісті.

Хабар 24 телеарнасы