423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да тағы бір бюджет қаражатын ұрлау фактісінің жолы кесілді

  • 186
ШҚО-да тағы бір бюджет қаражатын ұрлау фактісінің жолы кесілді

Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқырудың тағы бір фактісі анықтады.

Бұл іс ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстық прокуратурамен бірге «Қазына» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілді. 

2019 жылы бағдарламаға қатысушы Түркістан облысының 4 азаматы ШҚО-ға көшу ниеттері жоқ бола тұра, Тарбағатай ауданының Еңбекпен қамту орталығына жалған құжаттар, атап айтқанда, Тарбағатай ауданында тұрғын үйлерді сатып алу туралы ниет шарттарын ұсынған. Сатып алу туралы ниет шартын нотариалды түрде ресімдеген тұрғын үй иелері өздерінің үйлерін сатқандарын теріске шығарып отыр.

Ерікті түрде көшулері үшін ақша қаражаттары есепшоттарына түскеннен кейін олар көшіп келу бағдарламасының талаптарын сақтамастан бұрынғы тұрғылықты жерлеріне, Түркістан облысына, көшіп кеткен.

Қазіргі уақытта бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша ҚР ҚК 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы