423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда полицейлер 80 адамға арналған тойдың ортасына түсті

  • 245
Нұр-Сұлтанда полицейлер 80 адамға арналған тойдың ортасына түсті

Карантин режиміне байланысты отбасылық іс-шараларды, соның ішінде тойларды өткізуге тыйым салынды.

Алайда елордалықтар шектеу шараларына қарамастан, той рәсімдерін өткізуде.

«Учаске» жедел алдын алу шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық Полиция департаменті қаладағы мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан 80 адамға арналған тойдың үстінен түсті. Нәтижесінде «Бибігүл» мейрамханасындағы той үзілді.

Мейрамхана иесі мен іс-шараны ұйымдастырушы шектеулерді елемей, адамдың денсаулығына қауіп төндірді. Мейрамхана иесі мен шараны ұйымдастырушыға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Мобильді топ тәулік ішінде 246 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 35 карантин режимін бұзу фактісін анықтады. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді.

 

Хабар 24 телеарнасы