424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелден ұшып келген 153 адам карантинге жатқызылды

  • 123
  • UPD: 11:28, 22.10.2020
Шетелден ұшып келген 153 адам карантинге жатқызылды

Бүгін түнде елге 10 халықаралық рейспен 1 мың 383 жолаушы келген. 153 отандасымыздың қолында ПТР-тест анықтамасы болмаған. Олар карантиндік стационарға жатқызылды.

Сол жерде сынама тапсырады. Сырттан келген жолаушылар үшін тест тегін жүргізіледі. Қорытындысы 5-6 сағатта дайын болады. Ал еліміздің бас қаласына 3 рейспен 400-ге жуық жолаушы келсе, 37 адамның анықтамасы жоқ екен.

Айта кетейік, ПТР тест өткені туралы анықтаманың электронды нұсқасы да жарайды.

Хабар 24 телеарнасы