425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жоғары процентпен несие берген банктерді жазалау ұсынылды

  • 657
  • UPD: 12:42, 22.10.2020
Жоғары процентпен несие берген банктерді жазалау ұсынылды KazPortal.kz

Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айтылды.

Жиын барысында сөз алған Ләззат Қожахмет жоғары процентпен несие беретін банктерді анықтау қажеттігін айтты.

«Елімізде 13 млн-дай адам несие алып, падемия кезінде қарыздарын қайтара алмай отырған жағдайы бар. Оларға әртүрлі қысым көрсетіліп, есепшоттарын бұғаттап тастаған. Негізсіз несие алған халықта да кінә бар. Бірақ проблемасы көп банктерді анықтауды сұраймыз. Жұмыс істемейтін, зейнетақы жарнасы аударылмайтын, төлем қабілеті жоқ, бірнеше банкте несиесі бар адамдарға жоғары процентпен несие берген банктерді анықтап, халық тұрмысының нашарлай түсуіне тікелей сеп болғаны үшін жазалау керек деп санаймыз», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы