423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысындағы су қоймаларында балық көбейді

  • 158
  • UPD: 14:48, 22.10.2020
Жамбыл облысындағы су қоймаларында балық көбейді

Жамбыл облысында су қоймаларын балыққа толтыру жұмысы жүріп жатыр. Балқаш көліне 290 мың тұқы және сазан балығының шабақтары жіберілді.

Жылдың аяғына дейін су айдындары тағы 2 миллионға жуық балықпен толығады. Облыс аумағындағы тоған-көлдерді балықтандыру ісі  жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара. Жұмыс барысын арнайы комиссия қадағалайды. Аймақта  шабақ өсіретін бірнеше тәлімбақ бар. Олардан алынған су маржандары  Қарағанды және  Ақмола облыстарындағы айдындарды балықтандыруға сеп болды. Шаруашылық балық санын көбейтуге арналған жұмыстарды ары қарай да жалғастыра береді. Мамандардың айтуынша, күз мезгілі бұл іске аса қолайлы келеді. Қалыпты ауа райы, өзен-көлдердегі жеткілікті су деңгейі шабақтардың 70 процентінің жаңа ортаға бейімделіп кетуін қамтамасыз етеді. Атап өтерлігі, балық шаруашылығын дамытуды қолға алғандарға қосымша қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Болат Асамбеков, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

- Балық өскінділерін біздің Қарағанды облысында да, Ақмола облысында да тапсырыс ретінде жіберді. Қазір міне Балқаш көліне жіберейін деп жатыр. Бұл балықтардың түрлері өте сұранысқа ие болғандықтан бұлар өздері де шаруашылықты үлкейтеміз деп отыр алдағы уақытта. Жоспарда тағы осындай 2-3 тәлімбақ ашсақ дейміз облыста.

Хабар 24 телеарнасы