424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қордаланған қатты қалдықтардан экологияға зиян тигелі тұр

  • 138
  • UPD: 15:23, 22.10.2020

2025 жылға қарай Қазақстанда қатты қалдықтардың қоры 8 млн тоннаға жетуі мүмкін. Дереу шара қолданбаса, оның экологияға орасан зор зардабы тимек.

Сол себепті елімізде тұрмыстық қалдықтарды жағу есебінен электр энергиясын өндіріп, полигон аумағын азайту қолға алынбақ. Былтырдың өзінде  елдегі тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемі 5 млн тоннадан асып жығылған екен. Алайда оның қайта өңдеу көрсеткіші мардымсыз - 15 проценті ғана қайта өңдеуге жарамды. Осы ретте Сенат депутаттары энергетикалық қалдықтарды жоюға қатысты заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге қатысты заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев келтіргендей, баламалы энергия көзінен өндірілетін электр қуатының кепілдендірілген көлемін сатып алу бойынша нақты механизмдер қолданылуы тиіс. 

Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Осы полигондардың жағдайы туралы айтатын болсақ, оның 83 проценті инфрақұрылымның жоқтығына байланысты экологиялық, санитарлық талаптарға сай келмейді. Бұл энергетикалық қалдықтарды біздер қалай кәдеге жаратамыз? Әрине ол үшін зауыт құрылыстарының жұмысын жүргізу қажет, ірі қалалардың айналасында. Оларды өңдеу керек. Бұл жерде оларды өңдеп қоймай, олардан электр энергиясын алу көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы