423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды

  • 186
Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында Мемлекет басшысы ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарын тек мемлекет меншігінде қалдыру туралы тапсырма берді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік жоғары оқу орындары коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Құрылымның өзгеруінен кейін ел ішінде сол университеттердің жекеменшікке сатылуы мүмкін деген күдік пайда болды.

Президент мемлекеттік жоғары оқу орындарының сатылмайтыны туралы нақты айтты. Бұл өте маңызды.

Себебі сол ЖОО-ларда еліміздегі студенттердің 40%-і оқиды және 35 мыңнан астам оқытушы мен қызметкер жұмыс істейді.

Олардың басым бөлігі XX ғасырдың 30-40 жылдары құрылды және тарихи тұрғыдан да еліміздің басты салалық жоғары оқу орындары болып табылады.

Еліміздегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Satbayev University (Қ. Сəтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) және Абай атындағы ҚазҰПУ сияқты жоғары оқу орындары білім беру жүйесі, ғылыми және инновациялық әлеуеті жағынан алдыңғы қатарда.

Сонымен қатар мемлекет жоғары білім саласындағы жеке секторға да айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Себебі қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының 50%-і жеке меншік болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы