425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде коронавирусты емдеуге арналған ешбір дәрі табылмады

  • 338
  • UPD: 15:35, 22.10.2020
Ақтөбеде коронавирусты емдеуге арналған ешбір дәрі табылмады

Ақтөбедегі дәрі-дәрмек қоймасынан коронавирусқа қарсы қолданылатын негізгі препараттың бірі табылмады.

Бұны жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен арнайы мониторингтік топ өкілдері анықтап отыр. Олар «СҚ-Фармация» серіктестігінің жергілікті хабына барып, бақылау жүргізгенде COVID-19 емдеуге арналған дәрінің бірін таппаған. Қойма қызметкерлері де қордағы заттардың нақты көлемін айтудан жаңылысты.

Атап өтейік, мұнда елдің батысындағы төрт өңірге арналған екі айға жетерлік препараттар қойылған. Медициналық мекемелерге таратып отырады екен. Алайда мұндағы жағдайды көрген қоғам белсенділері істің сапалылығына күмәнданып қалды.

Нұрлан Жұбанышев, «СК-Фармация» ЖШС өкілі:

Қоймада болмағанымен ол дәрілер партиясы келгенін, емдеу мекемелерінің сұранысымен таратылды біріншіден. Қазір екінші партия келгенде осы айда толтырып қояды қайтадан.

Расул Медетов, ҚР СЖҚІҚ агенттігінің департамент директоры:

- «СҚ Фармация» басшысының мәлімдемесі бойынша қоймада екі айға дейінгі запас болу керек. Яғни тауар таратылады, таратылғаннан кейін бірден басқа сатып алу жасалынып, оның орыны толтырылып тұруы керек. Сондықтан да осындай қоғамдық бақылауларды әріптестермен бірге жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы