423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы базарларында жұмыс істеген жасөспірімдер бейімдеу орталығына жіберілді

  • 138
  • UPD: 16:45, 22.10.2020
Алматы базарларында жұмыс істеген жасөспірімдер бейімдеу орталығына жіберілді polisia.kz

Алматыда базарларда жұмыс істейтін кәмелетке толмағандар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

19-22 қазан аралығында Алматы қаласы Жетісу ауданында «Отбасы-жасөспірім-көше» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында кәмелетке толмағандар анықталды.

– Аудан аумағындағы елеусіз және қараусыз қалған балаларды анықтау мақсатында бұл күндері базарларда және нарықтарда кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жұмыс істейтін төрт кәмелетке толмаған бала анықталды. Белгілі болғандай, 13-16 жастағы балалар Алматыдағы туыстарына қонаққа келген, олар туыстарымен бірге тұрған, олардың барлығы Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Кәмелетке толмағандар базарларда сауда-саттықпен айналысқан. Олар Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына тағайындалды.

Белгілі болғандай, ата-аналары өздерінің кәмелетке толмаған балаларын қашықтан оқыту жүйесін пайдаланып басқа қалаға жіберген. Алайда кәмелетке толмаған балалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес ата-анасымен бірге тұруы керек. Осыған байланысты ата-аналармен бірге ОҒА-ға келген кезде алдын-алу шаралары жүргізіледі, – деді Жетісу ауданы бойынша ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жадыра Желеуқызы.

Хабар 24 телеарнасы