422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Айдос Сарым: Шетелде еңбек етіп жүрген қазақстандықтардың құқығы қорғалуы тиіс

  • 214
  • UPD: 20:56, 22.10.2020

Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті азаматтарға берілетін жәрдемақы көлемі екі есе көбейетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек ресурсы тапшы аймақта тұрғындар санын көбейту, оларға жағдай жасау экономиканың дамуына мүмкіндік береді дейді Ұлттық кеңес мүшелері. Сондай-ақ жиында шетелде еңбек етіп жүрген ел азаматтарының құқығын қорғау мәселесі қозғалды.

Айдос Сарым, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

– Біздің Қазақстан шетелге мигранттарын жіберетін елге айналғаны мойындалып отыр. Бұл да үлкен жаңалық деп ойлаймын. Солардың мәселесін қарап, оны заңдастыру қажет, оларға ортақ база керек, олардың құқықтарын қай жерде болса да қорғау керек.

Хабар 24 телеарнасы