422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың 37% – Ресейден келгендер

  • 139
  • UPD: 19:37, 22.10.2020
СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың 37% – Ресейден келгендер

Солтүстік Қазақстан облысында кейінгі екі аптада короновирус жұқтырғандар саны 1 жарым есе артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде эпидемиологиялық ахуал күннен күнге қиындап барады. Ал вирус жұқтырғандардың 37 проценті – көрші Ресейден келгендер. Облыс тұрғындарының 21 проценті ПТР тестілеуден өткен. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Қазір 6 аудандағы 10 елді мекен карантинге жабылған. Енді демалыс күндері сауда орындары жабылып, қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылады. Жалпы наурыз айынан бері облыста 25 адам қауіпті инфекциядан көз жұмған.

Татьяна Горлова, тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін БД басшысының орынбасары:

– Өңірде 60 жастан асқандардың үйден шығуына шектеу қойылды. Алайда зейнеткерлер оны ескермей, Ресейге балаларына қонаққа барады. Осы ретте қарияларға айтарым, мұндай жүрісті тоқтатыңыздар. Себебі Қорған, Омбы, Түмен облыстарнда қазір жағдай мәз емес.

Хабар 24 телеарнасы