423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту керек – Дәурен Қуат

  • 185
  • UPD: 20:59, 22.10.2020

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде қаралған тағы бір мәселе – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі тек жекелеген компаниялар ғана емес, мемлекеттік мекемелердің өзінде іс қағаздары әлі күнге дейін қазақ тілінде жазылмайды. Ресми сайттарында қазақша жазылған ақпарат жоқтың қасы. Ал заңдық кеңес, кәсіптік-техникалық терминдердің түсініктемесін қазақ тілінде алу мүлдем қиын. Осындай өзекті мәселелер қоғамдық сенім кеңесінде кеңінен талқылануы керек дейді кеңес мүшелері.

Дәурен Қуат, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

– Кейбір компаниялар, тіпті мемлекеттік мекемелердің өздері домендерін басқа тілде алған. Содан кейін мемлекеттік тілде ақпарат бермейді. Ең керекті халыққа кәсіптік, заңдық мәселелер ресми тілде болады. Орыс тілінде болады да, қазақ тілінде жоқ. Осы жағын да көтерді. Бұл біздің мемлекеттік тілдің аясын кеңейте түсуге тиіс ұсыныс деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы