422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңіріндегі бір реттік медициналық бұйымдар өндіретін зауыт қуатын арттырады

  • 137
Ертіс өңіріндегі бір реттік медициналық бұйымдар өндіретін зауыт қуатын арттырады

Қазір жаңа цехтардың құрылысы басталды. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде өндіріс көлемі 2 есеге ұлғаяды. Бүгінгі таңда бір реттік бетперде, медициналық киім-кешек және өзге де өнімдерді шығаратын зауыт штатты режимге көшкен. Ал пандемияның алғашқы толқынында өндіріс тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеді. Бір күнде бетперденің 6 мың данасы шығарылып, ел нарығына жіберіліп отырды. Қазіргі уақытта тапсырыстар көлемі азайғанымен, өндірістік цехтар тоқтаған жоқ. Мамандардың айтуынша, қазір бетпердеге сұраныс біршама төмендеді. Бірақ хирургиялық киім-кешекке сұраныс артқан. Бүгінде бір аусымда оның екі мыңға жуығы тігіледі.

Марат Маханов, кәсіпорынның бас директоры:

– Біз шығарып жатқан бетперделер қоймаларға жөнелтіліп жатыр. Қазір қорғаныш заттардың қоры әзірленуде. Маска тігетін цехтар ашылды. Қазір қуаттылығымызды төмендеткен жоқпыз. Жұмысшылар да қысқарған жоқ. Тәулігіне түрлі медициналық заттардың 30 мың данасын шығарамыз. Сұраныс артса, тәулік бойы жұмыс істейтін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы