425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сұйытылған мұнай газының тасымалына бақылау күшейеді

  • 147
Сұйытылған мұнай газының тасымалына бақылау күшейеді

Газдың бұл түрін сыртқа шығаруға шектеу бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Энергетика министрінің 7 қазандағы бұйрығы бойынша, алдымен ішкі нарықты қамтамасыз ету керек. Әйтпесе, тағы да тапшылық болуы мүмкін. Біздің елде сұйытылған газдың көтерме бағасы 43 мың 345 теңге болып бекітілген. Ал көршілес Ресейде 164 мың, Өзбекстанда 182 мың теңге. Бағадағы айырмашылық көлеңкелі сауданы қыздыруы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрлігінің газ және мұнайгаз-химия департаментінің директоры Зияш Қияқбаев айтты. Оның сөзінше, биыл ішкі нарыққа 1,5 млн тонна сұйытылған газ шығарылады. Былтыр да осы көлемде тұтынғанбыз. Министрлік сұйытылған мұнай газ саудасын электронды жүйеге ауыстыруды жоспарлап отыр.

Зияш Қияқбаев, ҚР энергетика министрлігі газ және мұнайгаз-химия департаментінің директоры:

– Қосымша құн салығын қоспағанда, біздегі сұйытылған газдың тоннасы – 38 700 теңге. Яғни шекаралас елдермен салыстырғанда айырмашылық өте жоғары. 2017 жылы ішкі нарыққа арналған газ сыртқа заңсыз шығарылған еді. Электронды сауданы енгізудің бір мақсаты – көлеңкелі экспорттың жолын кесу.

Хабар 24 телеарнасы