422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәслихат құрамында нәзік жандылардың қатары артқаны дұрыс – Ләззат Қожахметова

  • 171
  • UPD: 21:20, 22.10.2020
Мәслихат құрамында нәзік жандылардың қатары артқаны дұрыс – Ләззат Қожахметова

Егер Мәслихат құрамында әйелдер көбейсе, бірінші кезекте ана мен бала жағдайын, басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуге күш салары анық.

Қарағандылық қоғам белсендісі Ләззат Қожахметова осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы науқанның тағы бір ерекшелігі, Мәслихат сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтпек.

Ләззат Қожахметова, қоғам белсендісі:

– Бұл жолғы сайлаудың ерекшелігі мәслихаттарға партиялық тізіммен түседі. Яғни бұрыңғыдай халық жеке адамдарға емес, қалаған партияға дауыс береді. Содан кейінгі тағы бір ерекшелік, 30 пайыз әйелдерге, 20 пайыз жастарға орын беріліп отыр. Яғни бұған дейін көпбалалы отбасылардың мәселелері күрделеніп кеткен болатын. Енді егер халық қалаулыларының ортасында әйелдер отыратын болса, бұл заңнамалық тұрғыдан да, ана мен баланың мәселесін шешуіне мұрындық болады.

Хабар 24 телеарнасы