425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрі тапшылығы болмайды – СК-Фармация

  • 149
  • UPD: 22:01, 22.10.2020
Дәрі тапшылығы болмайды – СК-Фармация

«СК-Фармация» басшысы Ерхат Исқалиев өңірлерде дәрі тапшылығы болмайды деп мәлімдеді.

Ел бойынша 4 хаб құрылып, дәрілік препараттар тасымалданып жатыр. Стационарларда 1 айлық қор болса, қоймаларда 2 айлық қор жиналған. Бұл дәрі-дәрмек айына 60 мың адамды емдеуге жетеді. 8,2 млрд теңгеге 44 дәрілік препарат түрі сатып алынған. Айтуынша, батыс аймақтағы Ақтөбе хабында 4 млрд теңгенің дәрісі бар. Оның 400 млн теңгесіне коронавирусқа қарсы препараттар алынған. Сондықтан алаңдаудың қажеті жоқ деп отыр. Вирусқа қарсы препараттың 50 процентке жуығы өзімізде өндіріліп жатыр. Жалпы өндіріс көлемі 39,8 процентке өскен. Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың бетперде шығарады. Қоймаларда 18 млн дана бетперде мен 7 млн қолғап дайын тұр.

Хабар 24 телеарнасы