424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Михаил Дорофеев: Мемлекет қызметіне қатысты кез келген ақпарат ашық болуы тиіс

  • 176
  • UPD: 23:28, 22.10.2020

Мемлекет қызметіне қатысты кез келген ақпарат ашық болуы тиіс. Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеев осылай дейді.

Сонда ғана азаматтар кез келген мәселе туралы нақты мәліметтерді біліп отырады. Мәселен, журналистердің Денсаулық сақтау министрлігіне коронавируспен күреске бөлінген қаржы қайда жұмсалды деген сұрағына ведомство өкілдері бұл ақпараттың көпшілікке арналмағанын жеткізген.

Михаил Дорофеев, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі:

– Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсауға қатысты ақпараты ашық болуы тиіс. Жария етуге болмайтын себептері де анық көрсетілуі тиіс. Мәліметтердің толық тізімі болу керек. Халық салықтан жиналған қаражаттың қайда жұмсалатынын білу керек.

Хабар 24 телеарнасы