422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да 1047 көпбалалы және аз қамтылған отбасы баспанамен қамтылады

  • 261
  • UPD: 23:32, 22.10.2020

Шығыс Қазақстан облысында биыл 1047 көпбалалы және аз қамтылған отбасы баспанамен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 400-ге жуығы жаңа қоныстарына орнығып та алған.

Өңірде тек қалалық жерлерде ғана емес, шалғайдағы ауыл аймақтарда да баспана мәселесі белсенді шешіліп жатыр. Мәселен, бүгін Абай ауданы Қарауыл ауылында 21 отбасы үлкен қуанышқа кенеліп, пәтер кілтін алды.

Алтын құрсақты ана Орал Рахымбаева қартайған шағында немере-шөбересінің баспаналы болған бақытты сәтіне куә болғанына дән риза.14 адаммен тар үйде тұрып келген кейуана пәтер аласыз дегенді естігенде балаша қуаныпты.

Орал Рахымбаева, көпбалалы ана:

– Пәтер алғаныма өте қуаныштымын,құлағыма тиген күні жылап жіберіп, сүйінші сұрадым.

20 жыл үй жалдап келген Сүйінішқалиевтер отбасы да бүгін арқа-жарқа. 4 бөлмелі пәтерде 6 баламыз емін еркін тұратын болды деп мәз-мейрам.

Мамыр Сүйінішқалиева, «Күміс алқа» иегері:

– Баспаналы болып жатқанымыз мемлекетіміздің арқасы. Көпбалалы отбасыларды қолдап, пәтер сыйлап жатқанына алғысым шексіз.

Ауданда 170 адам баспанаға мұқтаж. Сондықтан Қарауылда үй құрылысы құрылысы қызу. Жыл соңына дейін қоныс тойын тойлаушылар қатары 47 отбасыға жетпек.

Жарқынбек Байсабыров, Абай ауданының әкімі:

– Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ендігі жылға бізге елу үй салуға тапсырма берілді. 40 үйге мердігер тауып қойдық.

Ендігі жылы ауданда кезекте тұрғандардың 80-90 проценті баспанамен қамтылады. Ал облыста әзірге 2 мыңға таяу отбасы үйге мұқтаж. Оның тең жартысы осы жылдың соңына дейін пәтер кілтін алса, қалғандарына алдағы үш жыл ішінде беріледі.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы