424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында індеттің екінші кезеңіне дайындық жүріп жатыр

  • 149
  • UPD: 09:57, 23.10.2020
Алматы облысында індеттің екінші кезеңіне дайындық жүріп жатыр

Қарашаның біріне дейін Алматы облысына 180 жедел жәрдем көлігі жеткізіледі.

Арнайы техника короновируспен күрестің екінші кезеңіне дайындық аясында сатып алынады. Одан бөлек, өңірде дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау мақсатында емдік препараттардың екі айлық қоры әзірленген. Тұрақтандыру қоры арқылы да дәрі алына бастапты. Науқастар үшін модульді инфекциялық аурухана салынып, 5 мыңнан астам орын дайындалған. Сонымен қатар балаларға арналған екі COVID орталық құрылып отыр. Онда 400 жеткіншек емделе алады. «Жоғары оқу орнын бітірген 45 жас маман жұмысқа тартылып, мекемелерді қажет қондырғылармен жабдықтау ісіне де көңіл бөлінді»,- дейді сала жетекшісі.

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Осы екінші толқынға 8,1 млрд теңге бөлінді, 3 компьютерлік томография, 150 ӨЖЖ аппараты, республикадан 120 ӨЖЖ аппараты берілді. 333 ӨЖЖ аппараты облыста бар. 1090 оттегі концентраты бар. Және де 10 оттегі станциясын алдық, барлығы 13 болды.

Хабар 24 телеарнасы