425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте карантин режимін бұзған караоке анықталды

  • 148
  • UPD: 10:05, 23.10.2020
Шымкентте карантин режимін бұзған караоке анықталды

Шымкентте түнгі уақытта жұмыс істеп, карантин режимін бұзған караоке анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 20 қазанынан 21 қазанына қараған түні Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында М.Дулати көшесінің бойында орналасқан Shelby караоке клубының сағат 01:00-де жұмыс істеп, карантин режимін өрескел бұзып жатқандығын анықтаған.

Аталған жайт бойынша нысан иесіне ҚР ӘҚБК-нің 425-бабымен әкімшілік іс құжаттар жинақталып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолданылды.

Сонымен қатар, қорқор (кальян) шеккен үш азаматқа және аталған нысан әкімшілігіне ҚР ӘҚБК-нің 441-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы