425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

23 қазан – Халықаралық барыс күні

  • 211
  • UPD: 11:41, 23.10.2020
23 қазан – Халықаралық барыс күні

Жыл сайын 23 қазанда Халықаралық барыс күні аталып өтеді.

Соңғы 40 жыл ішінде Қазақстанда барыстардың саны шамамен 180-200 санынан 130-150-ге дейін төмендеген. Әртүрлі дерек көздеріне сүйенсек, әлемнің 12 елінде бар болғаны 3 мыңнан 7 мыңға дейін ғана барыс қалған. Популяция санының кемуіне және жойылып кету қаупі бар жануарлар қатарына енуіне байланысты қар барысы Қызыл кітапқа енгізілген.

«БҰҰ Даму бағдарламасы бірнеше жылдан бері Қазақстандағы қар барыстарын қорғау және сақтау мәселесімен айналысып келеді. Сирек кездесетін жануарлардың мониторингін жетілдіру үшін біз Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 13 ерекше қорғалатын табиғи саябақтарға 25 квадрокоптер және 294 фототұзақ сыйға тарттық», – деді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Халықаралық барыс күні 2013 жылдың қазан айында Бішкекте қар барысын сақтаудың Дүниежүзілік форумында белгіленді.

Осы күнге орай «Барыс Арена» мұз сарайында Нұр-Сұлтанның «Барыс» және Қазанның «Ак Барс» клубтары арасында хоккей матчы өтеді. Матч барыс популяциясының азаю мәселесіне арналады және БҰҰ Даму бағдарламасының және «Барыс» хоккей клубының арнайы «Қар барыстарын сақтау» науқаны аясында ұйымдастырылады. Аталмыш іс-шара осы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлардың түрлерін қорғауға бағытталған. Карантинге байланысты көрермендер матчты тек онлайн режимінде көре алады.

Хабар 24 телеарнасы