423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да карантин талаптары жеңілдемейді

  • 169
  • UPD: 13:50, 23.10.2020
СҚО-да карантин талаптары жеңілдемейді фото: liter.kz

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны күн санап артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек өткен тәуелікте өңірде 10 адам індетті жұқтырған. Сондықтан аймақта карантин шаралары жеңілдемейді. Тұрғындар тәртіпке бағынбаса, талап керісінше күшейе түсуі мүмкін. Осы өңірдегі арна тілшісі Самат Қайырденұлы бізбен тікелей байланыста.

Диктор:

- Самат, қайырлы күн ! Қазір сіздердегі эпедимиологиялық ахауал қандай?

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Қайырлы күн. Мойындау керек, аймақтағы эпидуахуал мәз емес. Күннен күнге қиындап бара жатыр. Статистикалық мәліметке сүйенсек, наурыз айынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 4336 адам осы қауіпті індетті жұқтырған.

Қазір дертке шалдыққандардың басым бөлігі Петропавл қаласынның тұрғындары. Соңғы екі аптада өсім 1,5 есеге артты. Сондықтан жақын күндері карантин талаптары жеңілдетілмейді. Облыстағы үш шекара бекетіндегі бақылау шаралары күшейтілді. Себебі індет осы Ресей елінен келетін жерлестерімізден де анықталуда. Бұл ретте мамандар жасы 60-тан асқан азаматтарға көрші Қорған, Омбы, Түмен облыстарына қатынауды уақытша тоқтатуды ескертеді. Өңірде 10 елді мекен карантинге жабық. Бұл жерлерде блок-бекеттер қойылып, ауылға кіріп-шығуға қатаң тыйым салынып отыр.

Сөз соңында айта кетейін, демалыс күндері ойын-сауық орталықтары, спорт нысандары, тамақтану орындары істемейді. Қоғамдық көлік қатынасы да сенбі-жексенбі күндері тоқтайды. Сәйкесінше, мониторингтің топтардың жұмысы күшейтіледі.

Хабар 24 телеарнасы