422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қоғамдық бақылау заңмен реттелетін болады

  • 141
Қоғамдық бақылау заңмен реттелетін болады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Президент жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі баспасөз конференциясында бүгінде қоғамдық бақылаудың әртүрлі нысандары қоғамдық кеңестер, мемлекеттік қызметтер, экология, жер қойнауын пайдалану және басқа да қызметтер туралы бірқатар заңнамалық актілермен реттелетінін атап өтті.

Осыған байланысты қоғамдық бақылау туралы жаңа заңның аса қажеттілігі туындап отыр, бұл Конституцияда және конституциялық заңдарда, сондай-ақ нақты заңдар мен ережелерде бекітілген қоғамдық бақылау қағидаттарын құрылымдауға және олардың қолданылуын арттыруға мүмкіндік береді.

«Заң жобасы қоғамдық бақылаудың ең маңызды деген принциптерін бекітетін болады. Атап айтқанда, адам және азаматтар құқығының басымдығы, қоғамдық бақылау субьектілерінің ашықтығы мен объективтілігі, қоғамдық бақылауға кедергі келтіруге жол бермеу, олардың қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі және т.б.

Әрине, құжат жобасы дайын болған соң, ол міндетті түрде кең ауқымды қоғамдық талқылауға ұсынылады», – атап өтті Аида Балаева.

Хабар 24 телеарнасы