423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аида Балаева: Дауларды соттан тыс шешу жүйесін дамыту керек

  • 111
  • UPD: 13:44, 23.10.2020
Аида Балаева: Дауларды соттан тыс шешу жүйесін дамыту керек фото: depositphotos.com

Дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі шешу институттарын дамыту қажет.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар алаңында жаңа ғана өткен брифингте айтты.

Қазақстандық қоғамда жанжалды негізінен сот арқылы реттеу кең таралған. Бұл азаматтар мен соттардың жүктемесін көбейтеді. «Тараптар уақыты мен қаражатын жоғалтады», - деді министр. Осыған байланысты ведомство басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтқан тапсырмаларын орындау маңыздылығы жөнінде айтты. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі медиация мәселесінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің үздік дәстүрлеріне сүйенуге ниетті.

Хабар 24 телеарнасы