424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО коронавирустың екінші толқынына дайын

  • 119
  • UPD: 13:54, 23.10.2020
СҚО коронавирустың екінші толқынына дайын

Солтүстік Қазақстан облысында карантин шаралары жеңілдетілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар тәртіпке бағынбаса, талап керісінше қатаңдатылуы мүмкін. Себебі аймақта коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны күн санап артып барады. Тек өткен тәулікте өңірде 10 адамның қауіпті індетті жұқтырғаны анықталды. Қазіргі таңда дертке шалдыққандардың басым бөлігі Петропавл тұрғындары. Ал соңғы екі аптада өсім 1,5 есеге артқан. Аймақтағы 10 елді мекен карантинге жабылған. Бұл жерлерде блок-бекеттер қойылып, кіріп-шығуға рұқсат жоқ. Облыс екінші толқынға дайын. 

Еркебұлан Баязитов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Короновирус күшейген жағдайда төсек орын санын 3400-ге дейін ашуға мүмкіндігіміз бар қазіргі жағдайда. Біздің облысымыз бойынша медицина техникасымен және дәрі-дәрмекпен толыққанды қамтылған. Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жинақталған.

Хабар 24 телеарнасы