424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда электронды петиция жүйесі енгізілмек

  • 178
  • UPD: 14:04, 23.10.2020
Қазақстанда электронды петиция жүйесі енгізілмек Астана Ақшамы

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жөніндегі баспасөз конференциясы барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мемлекеттің қызметіне қатысуға қоғамдық қызығушылықтың өсіп келе жатқанын айтты.

Министр Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында министрлік әлемнің 30-ға жуық елінің тәжірибесін зерделегенін, онда петиция іс жүзінде қолданылатынын айтып өтті.

Сонымен, көптеген елдерде «петиция» ұғымы ұжымдық үндеудің электрондық түрі болып табылады және заңнамалық деңгейде реттеледі.

Осыны ескере отырып, Аида Балаева Қазақстанда петиция ұғымы бекітілетінін, сондай-ақ оны беру және қарау тәртібін реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленетінін атап өтті.

Сондай-ақ:

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган болады

Қоғамдық бақылау заңмен реттелетін болады

Аида Балаева: Дауларды соттан тыс шешу жүйесін дамыту керек

Хабар 24 телеарнасы