422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Орталық-Батыс» тас жолының құрылысы киік көшіне әсер етуі мүмкін

  • 121
  • UPD: 14:38, 23.10.2020
«Орталық-Батыс» тас жолының құрылысы киік көшіне әсер етуі мүмкін

«Орталық-Батыс» күре жолының құрылысы киіктердің көбеюіне кедергі келтіруі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғатты қорғау ведомствосының өкілдері осындай алаңдаушылық білдіріп отыр. Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарынан бастау алатын автомагистраль дала жануарларының үйреншікті миграциясы саналатын Торғай даласы арқылы өтеді. Биологтардың пікірінше, көліктердің толассыз ағыны ақбөкендерді үркітеді. Жолдың ар жағына өте алмаған жануарлардың жазғы жайылымсыз, тіршілікке қолайсыз ортада қалу ықтималдығы бар. Демек, бұның салдары  киіктердің өсіміне оң әсерін тигізуі екіталай. Қостанай өңірі бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі иинспекциясы аталған проблеманы осыдан екі жыл бұрын зерттей бастаған. Автобанның құрылыс жобасына қатысты өздерінің ұсыныстарын да білдірген.

Мұрат Байділдин, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Көлік тас жолын салу бойынша бізге жоба келіп түсті. Сол жобаға біз инспекция тарапынан киіктердің көшіп-қону жолы болғандықтан, «осы жол салған кезде киіктерге өткелдер салсын» деп кеңес бердік. Олар жобаны келісуін жолдаған кезде арнайы киіктерге, елді мекенді жерлерде малдардың өтуіне әдейі өткелдер салу жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы