422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда тұрғындары: Атауы шартты көшелер шаршатты

  • 145
  • UPD: 14:46, 23.10.2020
Елорда тұрғындары: Атауы шартты көшелер шаршатты

Елорда тұрғындары мен қонақтары, әсіресе, көлік жүргізушілері қаладағы кейбір көше атауларынан жаңылысу оп-оңай екенін айтады.

Оларды қызықтырған сұрақ: Е 10, Е 22, А 33, С 303, 69, 200 сияқты көшелерге жаңа атау қашан беріледі?

Мирлан Алтынбек біліп көрді.

- Алинұр Юсупжанов – такси жүргізушісі. Оның айтуынша, елордадағы кейбір көшелерді смартфондағы арнайы қосымшаның көмегінсіз табу мүмкін емес.

Алинұр Юсупжанов, қала тұрғыны:

- Көшенің атаулары жоқ бізде. Осы көшені ашқаннан кейін неге атау қойылмайды өзі? Ақын-жазушыларымыз, батырларымыз, қандай мықты адамдарымыз бар. Әлі күнге дейін Е-16, Е-251.

Алинұр Е-251 тұйық көшесіндегі тұрғын үй кешенінде тұрады. «Бірнеше жыл өтсе де, бастапқы атауы жаңасына өзгертілмеді», деп ашынады ол. «Көше ашылған бойда лайықты атау қойылмаса, әрбір адам оны өзінше атап алады», дейді қала тұрғыны.

Алинұр Юсупжанов, қала тұрғыны:

- Бізде бір көше бар, «начало Сейфуллина» дейді. Қосшығұлұлы дейді. Оны Қосшығұлұлы деп аталғаннан бері 2-3 жыл болды. Ал халық оны бірі айтады, бірі «начало Сейфуллина» дейді, біреуі «новая Сейфуллина» дейді, бір жағы 187 дейді, бір жағы 189 дейді. Мен өзім такси жүргізушісімін, көшеде бізге өте қиын. Содан кейін жедел жәрдемде жұмыс істейтіндерге де қиын деп ойлаймын.

Ал қалалық ономастикалық жұмыстар бөлімінің өкілдері бұл көшелердің әзір жобалық екенін айтты. Сондықтан ондағы әріптік және сандық атаулар шартты түрде қолданылады.

Айжан Құсайынова, қалалық ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы:

- Ондай нөмерлердің берілу себебі енді елордамыз қарқынды дамып келе жатыр. Сол құрылыстың дамуына байланысты бізде жаңа жобалық көшелер пайда болады. Сол жобалық көшелерді шатаспау үшін басында осылай номерлеп атау беріледі.

Мәселен Есіл ауданындағы көшелердің жобалық атауы сәйкесінше Е әрпінен басталады. Сарыарқа, Алматы және Байқоңыр аудандарында да осындай жағдай.

Айжан Құсайынова, қалалық ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы:

- Кейін бұл көшелердің құрылысы толық аяқталғаннан кейін, көшелер абаттандырылғаннан кейін, көшелердің бойындағы ғимараттар салынып болғаннан кейін атау беруге дайын болғаннан кейін ғана қалалық ономастикалық комиссиясының отырысына бұл көшелерді саламыз.

Айта кеткен жөн, биыл карантинге байланысты көшелердің жобалық атауын жаңасына өзгерту жұмыстары кейінге шегерілді. Мәселен, былтыр 17 көше жаңа атауға ие болды. Оның ішінде үш жүздің билері және жазушы Әбіш Кекілбаев, поэтесса Фариза Оңғарсынова мен Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов есімдері бар. Келер жылы тағы 30 көшенің жобалық атауы ауыстырылады.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Аят Дүйсебаев, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы