423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда қорық басшылығы «мемлекет қаржысын жымқырды» деген күдікке ілінді

  • 190
  • UPD: 15:26, 23.10.2020
Маңғыстауда қорық басшылығы «мемлекет қаржысын жымқырды» деген күдікке ілінді

Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тергеу мәліметінше, аталған мекеме мен «Маңғыстау-реставрация» серіктестігі арасында «Ақмыш сайы» табиғи ескерткішін абаттандыруға қатысты келісімшарт жасалған. Алайда, қорық басшылығы орындалмаған жұмыс актілерін толтырып, қомақты қаржыны жеке компания шотына аударғаны анықталып отыр. Құзырлы орган қызметкерлері әлгі ескерткішті барып қараған соң күдіктілердің алдын ала сөз байласу арқылы мемлекет ақшасын қолды еткенін түсінген.

Әсет Ізбасар, ҚР СЖҚІА Аймақтық департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:

- Қазіргі таңда департамент пен Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Процесуалдық шешім қабылданып, әрі қарай сәйкесінше сотқа жолданатын болады.

Хабар 24 телеарнасы