423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның 10 ең ауқымды және залалды апаттары

  • 182
  • UPD: 17:40, 23.10.2020
Қазақстанның 10 ең ауқымды және залалды апаттары

Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясында қазақстандықтардың мүлкіне және өміріне аса зор нұқсан келтірген ең шулы және қайғылы оқиғаларын атады.

Ашық көздерден алынған ақпаратқа сәйкес соңғы он жыл ішінде есте қалған қатаң және күрделі оқиғалар аз емес. Соның ішінде су басу, тасқын, өрт, қуаңшылық, авиаапаттары, бензин тасымалдайтын цистернаның жарылуы және жаһандық пандемия бар.

2010 жыл

Көктем басындағы ағыл-тегіл жауын-шашындар салдарынан Алматы облысындағы Қызыл-Ағаш су қоймасының бөгеті жарылған. Нәтижесінде ел тарихындағы ең ірі тасқыны басталған. Бірнеше елді мекен су астында қалған. Ең зор зардап шеккен – 2000 тұрғыны бар Қызыл-Ағаш кенті. Онда 45 тұрғын қаза тапқан, 300 адам жарақаттанған және 2 мыңнан астам адам қоныс аударған. Зілзала апатты жою үшін мемлекет 53 млн доллар шығарған. Бұл – 10 жыл бұрынғы бағам бойынша 7,8 млрд теңге. Сонымен қатар Қызыл-Ағаштың қаза тапқан әрбір тұрғынына 500 мың теңге төлеу және бұзылған үйлерді қалпына келтіру туралы сөз берілген.

2012 жыл

ҚР ҰҚК шекара қызметінің АН-72 әскери-көліктік ұшағының Шымкент өңіріндегі авиаапаты 2012 жылдың 25 желтоқсанында болған. Бортта болғандардың бәрі қаза тапқан. Атап айтқанда, 27 адам. Соның ішінде экипаждың 7 мүшесі. Ұзаққа созылған сот талқылауынан кейін Жоғарғы Соттың шешімі бойынша қаза тапқандардың туыстарына мемлекеттік құрылымдар тарапынан жалпы сомасы 970 млн теңгеден астам сақтандыру төлемдері бөлінген. Басында басқа сома мәлімделген (1,8 млрд. теңгеден астам).

2013 жыл

27 маусымда Алматы қаласында Сейфуллин даңғылында қайғылы оқиға болды. Бензин тасымалдайтын көліктің жүргізушісі рульді басқара алмай, басқа көліктерге бірнеше рет соқтығып, көлігін тоқтату мүмкіншілігі болмай, оны жол жиегіндегі ағашқа бағыттаған. Автомобиль аударылып, тұтанған. Жүргізушісі сыртқа шыға алмай, қаза тапқан. От жақындағы көппәтерлі үйге шапқан. Үйдің жанында тұрақтаған 8 автомашина зақымданған, 20-дан астам пәтер өртенген, 40-қа шамалы адам бас панасынан уақытша айырылған. Кейіннен бензин тасымалдайтын көлік соларға тиесілі компания жәбірленушілерге 100 млн теңгеден астам соманы құрайтын нұқсанды өтеген.   

2015 жыл

26 сәуірде Алматы қаласында «Адем» сауда орталығы өртенген. Өртенген алаңы 25 мың шаршы метр құрады. 1,6 мың бутиктер тауарымен қоса жойылды. «Адем» сауда орталығында бутиктерді жалға алған, зардап шеккен кәсіпкерлердің бастапқы бағалауы бойынша нұқсан 84 млн теңге құраған. Бірақ кейіннен сарапшылар нұқсан 5,3 млрд теңге құрайтыны туралы хабарлады.

2018 жыл

Семей қаласының маңайындағы «Семей орманы» резерватының аумағында 21 мамырда басталған орман өрті, 300 га орманын шарпыған. Бұл соңғы 15  жыл ішіндегі ең ірі өрт деп саналған. Сарапшылар: «Оны қасақана жасалған өрт», – дейді. Нәтижесінде өрт нұқсаны 78 млн теңге құраған.

2019 жыл

24 маусымда Арыста ату жарақтары қоймасында жарылыс болған. Нәтижесінде 4 адам қаза тапқан: екі әскери, бір азамат, бір бала. 7,6 мыңнан астам үй зақымданды. Соның ішінде шамамен 500 үй тұруға жарамсыз болған. Қаланы қалпына келтіру үшін 56,1 млрд теңге шығарылған. 3 мың адам жұмыс жасаған. Үйлердің көбісі жаңадан салынған.

2019 жыл

27 желтоқсанда Bek Air авиакомпаниясының ұшағы Гүлдала кентінің маңында қираған. Алматыдан астанаға бет бұрған авиалайнер көтерілу барысында биіктікті жоғалтып, бетон қоршауды тесіп шығып екіқабатты үйге бұзып-жарып кірген. Бортта 93 жолаушы болған. Соның ішінде 12 қаза тапқан, 49 адам жарақаттанған.

Жәбірленушілерге 1 млн теңгеден және қаза тапқандардың туыстарына 4 млн теңгеден төлем атқарылған. Сонымен қатар «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» шарттарға және ұшу барысында ерікті сақтандыруға сәйкес сақтандыру төлемдері жүзеге асырылған.  

2020 жыл

Қатты жауын-шашыннан кейін Өзбекстанда 1 мамырда Сардобы су қоймасының дамбасы жарылған. Бұл Түркістан облысындағы ең ірі су тасқыны болды.  Өзбекстанда 4 адам қаза тапты, бір адам хабарсыз кетті. 2 мамырда, Түркістан облысының Мақтаарал аумағындағы қазақстандық елді мекендерін су басқан. Бір мыңнан астам үйлер зақымдаған, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медицина мекемесі және Мәдениет үйі, 31 мыңнан астам адам жер аударған. Жақында белгілі болғаны, бір мультижобалық қоры, су тасқынынан зардап шеккен 150 отбасына жаңа үйлер салып берген.

2020 жыл

Ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында, спутниктер Шығыс Қазақстанның Шемонаиха, Глубоков және Бесқарағай аудандарының егіндерінде ылғал тапшылығын анықтады. Құрғақшылыққа шалдыққан жер алаңы 11 мың гектар  құраған. Ылғал тапшылығынан сақтандырудың жаңа механизмдері арқасында, аталған егіндер бойынша 125 млн теңге шамасында сақтандыру төлемдері атқарылған. Елімізде жаңа сақтандыруды 82 шаруашылық кәсіпорны пайдаланды.   

2019-2020

Қомақты қаржы дағдарысын туғызып және Жер шарын елінің денсаулығы мен өміріне қауіп төндірген COVID-19 пандемиясы бір жыл бойы әлемді шиеліністе ұстауда. Қазақстанда аурудың 110 оқиғасы тіркелген. 1,8 мыңы өлімге апарған. 105 мыңнан астам қазақстандық сауығып шықты.

ТЖ режимі кезінде 4,6 млн адам табыстан айырылу бойынша мемлекет тарапынан 42,5 мың теңге мөлшерінде төлем алған. Сонымен қатар шектеу шараларына байланысты шілде айында табыстан айырылуға қатысты мемлекеттік төлем тағайындау туралы 2,6 млн астам өтініш түсірілген.   

Тек осы көктем ішінде Қазақстан COVID-19 күресу үшін 6 трлн теңгеге жуық шығынданған.

Пандемиямен күресу мақсатында мемлекеттік шаралардан басқа қазақстандық нарықтағы сақтандыру саласында азаматтарды COVID-19 ерікті сақтандыру өнімдерін іске қосу басталды. Сақтандыру халықты госпитализациялау жағдайында немесе өлімге байланысты қаржылық қауіпсіздендіру үшін жасалған. Бүгінгі күні 5 мыңнан астам адам Corona Protect бағдарламасы бойынша сақтандыруды ресімдеген. Сақтандыру жағдайы кезінде олар 5 млн теңгеге дейін төлем алуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы