423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы аясында 45 бейнебақылау камерасы орнатылды

  • 131
«Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы аясында 45 бейнебақылау камерасы орнатылды

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында «Байқоңыр» ауданында 45 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Бейнекамералар заңсыз әрекеттерді анықтау және олардың алдын алу үшін аулаларда үздіксіз мониторинг жүргізеді. Камералардың негізгі функциялары: бейнетіркеу, деректерді өңдеудің интеграцияланған жүйесі, сенімді бағдарламалық жасақтама. Мұның бәрі әртүрлі жағдайларда әсіресе түнде бейнебақылау жүйелерінің тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Жоба аясында аулалар, әлеуметтік нысандар, саябақ аймақтары бейнебақылау камераларымен қамтылады. Қазірдің өзінде «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы аясында қаланың Байқоңыр ауданында жалпы 45 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Осы жоба аясында бейнебақылау камераларымен аулалар, әлеуметтік нысандар, саябақ аймақтары және қаланың басқа да қоғамдық орындары қамтылады. Бұл қауіпсіздік деңгейін арттыруға ұрлық, жат мүлікке қол сұғу және басқа да құқық бұзушылықтар санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы