425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балқашта карантин күшейтіледі

  • 120
  • UPD: 20:47, 23.10.2020
Балқашта карантин күшейтіледі

Балқаш қаласында ертеңнен бастап саябақтар, балалардың ойын алаңдары жұмысын тоқтатады.

Шаһарда карантин режимі күшейтілді. Бұған қоса тұрғындарға кешкі сағат 22:00-ден таңғы сағат 05:00-ге дейін жеке көлігімен жүруге тыйым салынды. Тек жұмысшы таситын автобустар ғана жүреді. Дүкендер мен тамақтану орындары кешкі сағат 22:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Ал қызмет көрсету орындарына алдын ала жазылу қажет. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің үлкендерсіз көшеде жүруіне тыйым салынды. Ал 65 жастан асқандарға үйден шықпауға кеңес беріліп отыр. Айта кету керек, шаһарда осы күнге дейін 40 адам вирус жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы