424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда ТЖД қызметі жер үйлердің өрт қауіпсіздігін тексерді

  • 137
  • UPD: 23:03, 23.10.2020
Оралда ТЖД қызметі жер үйлердің өрт қауіпсіздігін тексерді

Оралда жыл басынан бері 12 адам өрттен зардап шегіп, 5 адам ажал құшты. Енді жылу маусымы басталғандықтан қауіп одан сайын күшейе түспек. Осыған байланысты облыстық ТЖД өзге де коммуналдық саладағы қызмет көрсетуші сала мамандарымен бірлесіп жеке секторда рейдтер ұйымдастыруға кірісті. 

- Апа электр құралдарын пайдалану  қаупісіздік ережелеріне байланысты үйде токтарға аса абай болыңыздар. Электр құралдары жанған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласасыз.  

Мамандардың алаңдайтын жөні бар. Жыл сайын жылыту маусымы кезінде оқыс оқиғалар болмай тұрмайды. Рейд барысында жеке сектор тұрғындарына қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, жадынама берілді. 

Алтынғаным Сұпығалиева,  қала тұрғыны:

- Балаларды қалдырмаймыз иесіз үйге, өзімізбен бірге алып жүреміз, шамамыз келгенше иесіз қалдырмауға, ток иесіне, газдың айналасына жақындатпауға енді тырсамыз шамамыз келгенше. Естідік, көрдік, өртеніп кеткен енді, естідік ондайларды. 

Тексеру барысында үйдегі газ қазандығынан еш ақау табылған жоқ. Дегенмен, сырттағы мұржа жылыту маусымына дайын болмай шықты. 

Қанатбек Шыңғысбаев, апаттық-диспетчерлік қызмет маманы: 

- Тек бір кемшілігі бар, мынаны жаңадан обмотать ету керек, себебі конденсат жиналады да дымоходпен ішке кетеді. Конденсат мұнда ағып тұру керек. 0,1 процент көрсетсе уже утечка бар деген сөз. Іштен қарап шықтым бәрін. Бұл үйде көрсеткіші дұрыс, сыртқа түтін ақпайды, тягаға тексердік, мұржа тартып тұр дұрыс. Кемшілік жоқ тек кемшілік осыда. 

Жыл басынан бері қалада 145 өрт оқиғасы тіркеліпті. Соның 74-і жеке секторда болған. 12 адам зардап шегіп, бесеуі өрт салдарынан көз жұмды. Жылыту маусымы басталмай жатып тұрғындардың тағы да кемшіліктерге жол бергені анықталды. 

Бақытжан Ихсанов, ТЖД басқарма бастығы:

- Күні кеше 3 адам газдан уланды. Қазіргі таңда олар сол күні ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарап жағдайлары жақсы болған соң үйлеріне жіберілді. Себебі газ пешті қарамаған. Бей-жай қарап, уақытылы тазартпай газ жіберіп тұрған. Жеке тұрғын үйдің баршасына қарап өту мүмкін емес, бірақ бар күшімізді саламыз. Әр адамға жеткізу жөнінде. 

Нұржан Қажкенов,  газ жеткізуші компанияның жетекші маманы: 

- Талдау жасаған кезде тұрғындардың көбіне көп уланатын жағдайлары түтін тарту мұржаларын тексеруден. Жылыту маусымы басталмас бұрын әрбір тұрғын үйіндегі түтн тарту мұржаларын және газ қазандықтарын тексеріп алу керек болады. Ол үшін арнайы мамандар барып тексеретін, соны тексермей және қауіпсіздік ережелеріне көңіл бөлмегендіктен болып отыр көп бөлігі қайғылы жағдайлардың.

Жылыту маусымы барысында қала бойынша 7 мыңдай тұрғын үйді қарау жоспарланып отыр. Апат айтып келмейді. Былтыр да өрт салдарынан 18 адам зардап шегіп, үшеуі қайтыс болды. Күн суытқан кезде өрт қаупі де ұлғая түседі. Ал қателікке жол берудің соңы орыны толмас өкінішке ұрындырады. Сондықтан сақтық шараларын естен шығармаған жөн.

Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы