425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» Агенттігінің бірқатар қызметкері марапатталды

  • 184
  • UPD: 21:32, 23.10.2020

Агенттіктің мерейтойына орай құттықтаулар толассыз келіп түсіп жатыр. Сенат, Мәжіліс, Конституциялық кеңес төрағалары, Сыртқы істер және Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылары, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ бүгін бірқатар әріптесіміздің еңбегі еленді. Олар «Ақпарат саласының үздігі», «Халық алғысы» төсбелгілерімен және алғыс хаттармен марапатталды.

Хабардың негізі қаланғанына ширек ғасыр толуына орай агенттіктің 3 қызметкері «Ақпарат саласының үздігі» атанды. Олардың екеуі «Хабар 24» арнасының тілшілері Ақсәуле Байменшина мен Ирина Панфилова. Қос әріптесіміз төтенше жағдай кезіндегі қызметі үшін «Халық алғысы» төсбелгісіне де ие болды. 

Бұдан бөлек «Хабар 24» арнасының тағы бірнеше тілшісі төсбелгі және алғыс хатпен марапатталды. Жалпы Агенттіктің ақпарат кеңістігіндегі орыны, әсіресе қазіргі қысылтаяң кезеңдегі еңбегі салтанатты жиында айрықша аталды. 

Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы:

- Қазақстанның медиалаңына көз тастасаңыз, көптеген мықты маманның «Хабардан» түлеп ұшқанын байқаймыз. Себебі «Хабар» – көшбасшы. Бұл ұжымдық еңбек. Соны түсініп, бір-бірімізді қолдауымыз керек. Бір кездері жұмысты 3-4 бөлмеде бастап, қазір алпауыт медиакүшке айнала білдік. Бәрі «Хабар» арнасынан басталды. «Хабар 24» біздің мақтанышымыз. «Қазақ ТВ» – еліміздің бет-бейнесі. Еларнаның да аудиториясы кеңейе береді деп сенемін. 

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Қоғамдағы өзекті мәселелерді айқындап, әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық саяси, рухани мәдени тақырыптарды өз деңгейінде көтеріп халыққа жеткізіп келеді. Сондықтан бүгінгі мерейтойларыңыз – бүкіл қазақ халқы үшін ортақ мереке.

Бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары агенттік ұжымына өз құттықтауларын жолдады. Салтанатты жиынға арнайы келген Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева әуелі Нұрлан Нығматулиннің лебізін жеткізіп, кейіннен өзінің жүрекжарды тілегін айтты. Ал Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов агенттіктің ғасырлық межені бағындыруына тілектестік білдірді. 

Гүлмира Исимбаева, ҚР ПарламентІ Мәжілісі төрағасының орынбасары:

- Мемлекетімізбен бірге ақпараттық институттың қалыптасуына көптен-көп үлес қосқан осы «Хабар» Агенттігі. Соның ішінде заңнаманы жетілдіруге де, қабылданған заңдарды халыққа жеткізуде де «Хабар» Агенттігінің орыны ерекше. 

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Рас, ақпарат аламанындағы 25 жыл артта қалды. Алайда Агенттік құрамындағы 4 арна: «Хабар», «Хабар24», «Ел арна» және «Қазақ тв»  өз көрерменіне ұсынатын дүние әлі көп. 

Автор: Нұршапағат Несіпбаев

Хабар 24 телеарнасы