425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік қызметке көңілі толмаған алматылық тұрғындар шағымды онлайн режимде жолдай алады

  • 155
Мемлекеттік қызметке көңілі толмаған алматылық тұрғындар шағымды онлайн режимде жолдай алады

Мемлекеттік қызметке көңілі толмаған Алматы облысының тұрғындары енді арыз-шағымын онлайн режимде жолдай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өңірлік департаменті көпшілік үшін осындай мүмкіндік ұсынып отыр. «Qyzmet live» деп аталатын диалогтік алаңға келген лауазым иелері онлайн режимінде тікелей эфирге шығады. Сол арқылы көпшіліктің көкейкесті сауалына жауап беріп, мәселенің жылдам шешілуіне ықпал етпек. Алғаш рет өткізілген жиынның өзінде құқықтық тұрғыда бірнеше сауал жолданды. Жалпы 9 айдың ішінде облыстық департаментке 500-ден аса шағым түскен. Олардың дені қызметкерлердің өтінішті мерзімінде қарамау және орындамалмауына байланысты екен.

Ләззат Бейсеқұлова, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы:

- Біздің департаменттің қызметкерлері міндетті түрде осы залда отыратын болады. Әр берілген сұраққа мемлекеттік органдардың міндетті түрде жауапты тезірек беру немесе сол азаматтың мәселесінің шешіп беруін қадағалап, өзіміздің қадағалауымызға алып, бақылауда ұстап отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы