423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі балалар үйіне алма бағы тарту етілді

  • 172
  • UPD: 10:06, 24.10.2020
Шымкенттегі балалар үйіне алма бағы тарту етілді

Еріктілер жылы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында «Игі істер уақыты» атты челленджі бастау алған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ізгілікті шара аясында Шымкент қалалық мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұжымы №3 қалалық балалар үйіне алма бағын тарту етті. Әуелі мұнда ескі жарамсыз ағаштар оталып, жері қопсытылып, тыңайтылды. Мұндағы әрбір отырғызылған ағаш өмірдің, үздіксіз өсімнің белгісі ретінде тәрбиелік мән-мағынаға ие. Отырғызылған алма бағы тәрбиеленушілердің қамқорлығына беріледі. Бау-бақша отырғызған үлкендерге балалар жағы да өз алғысын білдірді. Мұндай игі іс балалар үйінің тәрбиеленушілерін қатты қуантты. Оларға бұл шара қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен, қарауға өз әсерін тигізетіні сөзсіз дейді мамандар.

Әли Көмекбаев, қалалық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы:

- Балалар үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Осында 62 тәрбиеленуші бар екен. 30 түр тал егіп жатырмыз. Ол үш түрлі сұрыпта. Көк алма, сары алма, қызыл алмалар бар.

Хабар 24 телеарнасы