422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі темір жол бойында болған апат салдары қалпына келтірілді

  • 189
  • UPD: 14:06, 24.10.2020

Шымкенттегі темір жол бойында болған апат салдары қалпына келтіріліп, қозғалыс реттелді. Қазір ғана алғашқы пойыздар шойын жолмен сапарын жалғастырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде 13 жүк вагоны жолдан шығып кеткен еді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Абырой болғанда вагондардың барлығы бос. Қайтыс болған немесе зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етті. Алдын ала мәліметтер бойынша Алматы-Шымкент, Алматы-Ақтөбе , Ақтөбе-Алматы, Қызылорда-Петропавл және Қызылорда-Көкшетау бағыттары бойынша 5 жолаушылар және 10 жүк пойызы тоқтап тұрған болатын.

Айта кетейік, Шымкент қаласы арқылы өтетін 7 жолаушылар пойызының тоқтап тұруына байланысты әкімдік жақын станцияға тоқтаған Манкент Қызылсайдағы жолаушыларға автобус ұйымдастырып қалаға жеткізді.

Ерғали Бақаев, қалалық ТЖД басшысының орынбасары:

– Өздеріңізге белгілі болғандай, 23 вагонның 13-і құлаған. Қазіргі таңда толығымен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бір жолымыз ашылды. Шамамен бұл жұмыстарды 1-1,5 сағат көлемінде 1 жол арқылы барлық тоқтаған пойыздарды жіберуге мүмкіндік туындайды. Қазіргі таңда себеп салдары белгісіз болып тұр. Себеп салдарын ҚТЖ өкілетті органдары өздері зерделеп қосымша айтады.

Хабар 24 телеарнасы