422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда еліміздегі алғашқы «AgroKomek» сервистік орталығы ашылды

  • 165
Петропавлда еліміздегі алғашқы «AgroKomek» сервистік орталығы ашылды

Бұл жерде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 40-тан астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның жұмысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев танысып, мамандармен тілдесті. Орталықта сонымен қатар басқарма басшылары қабылдайтын бөлек бөлме бар. Бұл кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Келлеровка ауылында ашылған «Ашық әкімдік» фронт – кеңсесінде де болды. Бұл окруте 2 мыңнан астам адам тұрады. Енді олар аудан орталығына сабылмай, қажетті қызметті бір жерден ала алады. Тұрғындардың мәселелері бойынша да жеке қабылдау ұйымдастырылған.

Хабар 24 телеарнасы