422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте жолаушылар пойызының қозғалысы қалпына келтірілді

  • 228
Шымкентте жолаушылар пойызының қозғалысы қалпына келтірілді

Қазір теміржол бойымен бірнеше бағытта пойыздар қатынап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 сағат бойы қайта қалпына келтіру жұмыстарын атқарған мамандар темір жолдың бірінші бағытын ашты. Енді екінші бағытты қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Шымкент қаласына жақын стансаларға тоқтаған жолаушыларға көлік ұйымдастырылып, олар қалаға жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен түні 14 вагон жолдан шығып, аударылып кеткен еді, салдарынан 7 жолаушылар пойызының қозғалысы кешіктірілді. Ал оқиғаның әзірге себеп салдары белгісіз.

Арман Алпысбаев, қалалық ТЖД бөлім басшысы:

– Сағат 12:49-да алғашқы темір жол бағыты қалпына келтірілді. Қазір 3 жолаушы пойызы осы жолдан өтті. Ол Алматы-Ақтөбе, Нұр-Сұлтан-Алматы және Алматы-Шымкент. Әлі де қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы