425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда модульдік инфекциялық госпиталь ашылды

  • 149
  • UPD: 17:29, 24.10.2020
Павлодарда модульдік инфекциялық госпиталь ашылды фото: pavlodarnews.kz

Ауданы 6 800 шаршы метрлік медициналық орталық 200 орынға шақталған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Аурухана 20 орындық жансақтау бөлімі, кіші ота жасау бөлімі, ПТР-тестілеу зертханасы, экспресс-зертхана, компьютерлік томография, рентгенографич, УЗИ, электрокардиография мен бронхоскопия бөлімдерінен тұрады. Модульдік блоктарда жеке санитарлық торапты екі орындық палаталар бар.

Жаңа медмекеме бірден қажетті техника мен жиһазбен толық жабдықталды. Мәселен, госпитальде жасанды өкпе желдеткіш 24 аппарат және әрбір адамға арналған оттегімен қамту жүйелері бар.

«Өкінішке орай пандемия бізге жаңа инфекциялық аурухананы салуға мәжбүрледі. Жаңа госпиталь салынып, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылды. Әрине, резервтегі медмекеме резервте қала бергенін тілейміз. Алайда, кез келген жағдайға дайын болуымыз керек», - деді ашылу салтанаты кезінде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Жаңа мекеме Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың бөлімшесі болып құрылды. Мұнда тәжірибелі деген 88 дәрігер, 240 орта және кіші санаттағы медқызметкерлер жұмыс істейтін болады

«Қысқа мерзім ішінде аса қажет әрі заман талабына сай госпиталь тұрғызылды. Госпиталь барлық заманауи техникамен жабдықталды. Мұнда сапалы медициналық көмек көрсету үшін бәрі бар», - дейді облыстық аурухана директоры Арман Мұсабеков.

Естеріңізге сала кетейік, жоба құны 7,3 млрд теңге. Олардың екісі облыстық, қалғаны республикалық бюджеттен қаржыландырылды.

Пандемия өткеннен кейін стационар облыстық аурухананың пульманологиялы бөлімшесі болып қалады.

Хабар 24 телеарнасы