425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құлсарыда 1,5 жарым мыңнан астам пәтер жеке жылу қазандығын қосып алған

  • 124
  • UPD: 09:33, 25.10.2020
Құлсарыда 1,5 жарым мыңнан астам пәтер жеке жылу қазандығын қосып алған

Атырау облысына қарасты Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің көбі әлі күнге дейін орталық жылу жүйесіне қосылмаған.

900-ге жуық пәтер жылу жүйесі арқылы жылынғанымен 1600-ден астам тұрғын өз пәтеріне жеке жылыту қазандықтарын орнатып алыпты. Алайда бұл қауіпсіздік талаптарына сай емес көрінеді. Айта кетерлігі, орталық жылу жүйесі барлық көп қабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге дайын емес. Ол үшін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуі қажет. Сол себепті тұрғындар өз қаражаттарына жеке жылыту қазандықтарын орнатуға мәжбүр болып отыр. 

Мереке Зинуллин, жылыой аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Орталық жылу қазандығын жаңғырту үшін жобалау-сметалық құжаттама жүргізілуде. Олар 20 мгб құрайтын 2 дана тағы да қазандық орналтылатын болады. Содан кейін бұл орталық жылу жүйесінің қуаты өскеннен кейін барлық көп қабатты тұрғын үйлерді қамтуға мүмкіндігі туады.

Хабар 24 телеарнасы