422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тарбағатайда бюджетке салмақ салмайтын балабақша бар

  • 287
  • UPD: 08:35, 25.10.2020
Тарбағатайда бюджетке салмақ салмайтын балабақша бар

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында қосымша табыс көзін тауып, бюджетке салмақ түсірмейтін балабақша бар.

Ақжар ауылындағы білім беру мекемесінде 5 жыл бұрын жылыжай ашылып, онда көкөніс, гүл көшеттері өсіріле бастады. Осылайша балдырғандарды экологиялық таза өніммен жыл он екі ай қамтыған тәрбиешілер, артылған өнімді жергілікті тұрғындарға сатып түскен пайданы ғимаратқа жиһаз, жұмсақ ойыншықтар мен басқа да құрал-жабдықтар алу үшін жұмсап келеді. Биыл әкімдік тарапынан қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 2 жарым гектар жер беріліпті. Онда да картоп, сәбіз, орамжапырақ сияқты көкөністер өсірілген. Енді мал ұстап, құс өсіруді қолға алмақшы. Балабақшада барлығы 201 бала тәрбиеленеді, қазір карантиндік шектеулерге байланысты олардың тең жартысы ғана келіп жүр. 

Гауһар Нығметжанқызы, балабақша меңгерушісінің орынбасары:

- Қазірше біз 5 бастан 10 басқа дейін бордақылауға мал алып отырмыз. Келесі жылдары сүт бағытына қарай бағыттаймыз ба деп отырмыз. Жаңатілеу мекенінен 1 гектар жер алғанбыз. Ол жерді биыл қоршап біттік, енді келесі жылдары сонда құс фермасын ашамыз ба деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы