422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да тұрғын үй құрылысы қарқын алды

  • 423
  • UPD: 08:52, 25.10.2020
ШҚО-да тұрғын үй құрылысы қарқын алды

Шығыс Қазақстан облысында көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтуға ерекше көңіл бөлінген.

Мәселен, Тарбағатай ауданы бойынша жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен Ақсуат, Ақжар ауылдарында баспана салынып жатыр. Мердігерлер құрылыс сапасына ерекше мән беріп, отандық материалдарды пайдалануда. Жергілікті атқарушы билік өкілдері су, жарық, кәріз жүйесі сияқты инфрақұрылымдық желілерді алдын ала тартып қойған. Жыл соңына дейін барлығы 48 пәтер пайдалануға беріліп, келесі жылы тағы 8 ауылға тұрғын үй салына бастайды деген жоспар бар. Бұл мақсатқа қазынадан 2 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр. 

Дидар Бітібаев, құрылыс прорабы:

- Бұл қазір салынып жатқан үй жеке өзіміздің ақшамызға салынып жатқан үй. Болашақта өкімет сатып алып, көп балалы аналарды қамтамасыз ету үшін салып алып беретін үйлер. Тиімді жоба, жол салынып, жарық тартылып және балалар ойнайтын орындар ашылғалы жатыр. Болашақта жақсы шағын аудан болады.

Хабар 24 телеарнасы