423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан жол-көлік оқиғасы жиіледі

  • 214
Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан жол-көлік оқиғасы жиіледі

Арқаға қар түсті. Түнде жауған ақ ұлпа тобықтан келеді.

Нұр-Сұлтан қаласында таңертеңнен бері көліктер баяу қозғалып, дөңгелек ауыстыру орындарында ұзын сонар кезек пайда болған. Кешке дейін қалада 19 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өйткені жол тайғақ. 1 адам дене жарақатын алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Мамандар апаттың басым бөлігі көліктердің қысқа сай болмауынан деп түсіндірді. Көбі қысқы дөңгелегін салмаған. Кей орталықтар сұраныс артқан соң қызмет ақысын көтеріп те үлгеріпті.

Ералы Серікбаев, дөңгелек ауыстыру орынының қызметкері:

– Елдің бәрі интернеттен қар жауады дегенді көріп, ауыстырып жатыр. Өткен аптада бір күнде 3 көлік келетін. Қазір 10-15 көлік келеді.

Хабар 24 телеарнасы