422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда іргесіндегі кіші Талдыкөлге аққулар қонды

  • 160
Елорда іргесіндегі кіші Талдыкөлге аққулар қонды

Құс атаулының дені жылы жаққа әлдеқашан ұшып кеткенмен, көл жағалап қалып қойғандары да бар екен.

Елорданың іргесіндегі кіші Талдыкөлде 3 аққу жүр. Бір қызығы, бұл жағдай былтырда қайталанған. Қазір айдыны жыл сайын тарылып бара жатқан көлдің бел ортасына мұз қатқан. Кей адамдар киелі құстың бірінің қанаты жарақаттанған болуы мүмкін дейді. Ал жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары аққуларды тағы екі апта бақылап, егер кетпейтін болса, қолға алып бағамыз деп отыр.

Мұхит Рамазанов, жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы:

– Қазір олардың ұшуға уақыты бар. Олар күн суытқанша осында болады. Егер желтоқсан айына дейін қалып жатса, онда ұстап алып, Бурабайдағы ұлттық паркке апарып қоямыз.

Хабар 24 телеарнасы