422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да малшы тапшы

  • 271
  • UPD: 08:18, 26.10.2020
ШҚО-да малшы тапшы

Шығыс Қазақстанда малшы тапшы. Шаруашылық иелерін бұл мәселе әбден тығырыққа тірегені сонша, олар тіпті өзге елден шопан шақыртуға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен Зайсан ауданындағы ірі қожалық иесі Жеңісбек Кәрібаев осыған дейін жергілікті жерден малшы таппаған соң Қырғызстаннан алдыртуға мәжбүр болған. Сөйтіп, өткен жылы қоластында шетелден келген 7 адам жұмыс істеген. Ал биыл карантиндік шаралардың салдарынан олар да келе алмай қалды. Енді 5600 бас қойды қазір үш-ақ адам бағып жүр. Басқа амал жоқ. Шаруаның айтуынша, малшығаларға 300 мың теңге еңбекақы төленіп, бар жағдайы жасалған. Дегенмен бұл да жағдайды түзеуге ықпал етпей отыр екен.

Жеңісбек Кәрібаев, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Күні бүгінге дейін малшы жоқ, он малшы керек он табынға, қазір үш-ақ табынға бөліп жайып отырмыз. Бұл Қазақстандағы жалғыз менің ғана мәселем емес деп ойлаймын, барлық осы мал шаруашылығында мал өсіретін адамдардың бірінші мәселесі осы күні бүгінге дейін шешілмейді. Осыған Парламент депутаттарының, басшылардың, министрлердің осыны ойланатын кез келді ме деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы