425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында жеміс-жидек шаруашылығы дамып келеді

  • 250
  • UPD: 09:34, 26.10.2020
Қызылорда облысында жеміс-жидек шаруашылығы дамып келеді

Сыр өңірі шөлейтті аймақтар қатарында екені белгілі. Мұнда тал-теректің өзіне ерекші күтім керек.

Дегенмен, аймақта соңғы жылдары алма бағын жайқалтып, мол өнім алушы шаруашылықтар қатары көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әрине, климаттық ерекшеліктерге сай келетін тұқым түрлерін таңдай отырып, тиісті агротехнологияны енгізгеннің жемісі болса керек. Сондай-ақ Қызылорда облысында алғаш рет жеміс-жидек көшеттерін дайындайтын арнайы тұқымбақ іске қосылды. Мұнда алманың 10 сорты өсіріледі. Өрік пен жүзімнің де бірнеше сортын бағбандар алысқа сабылмай осы жерден ала бастаған. Грек жаңғағы мен миндаль, фундук жаңғағы да өсіп тұр. Бау-бақша ойдағыдай өнім беруі үші, жерсіндірілген жеміс ағаштарын егу маңызды. «Сондықтан көшеттерді өзге өңірлерден тасымай, жергілікті жерді дайындаған маңызды», - дейді мамандар. 

Амантай Сарбасов, агроном:

- Мысалы грек жаңғақтарын ексек, 300-400 жыл жасайды. Егер де суы болып, күтімі болып тұрса. Сосын мына алмалар, орташа алма дейді, олар 24-25 жыл жасайды дейді. Ал бірақ өзінің дәнінен, ішіндегі тұқымынан шыққан алмаға жетпейді. Олар 70-80 жыл жасайды. Олардың бір тұп алмадан беретін өнімі 500-600 келі.

Хабар 24 телеарнасы