423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

  • 142
Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ қызметіне шек қойылды.

2018 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың мамыры аралығында құрамында 5 адам болған ҰҚТ Жезқазған және Сәтпаев қалаларында 7 заңсыз ойын орнын ұйымдастырған. Сондай-ақ олар 16 млн теңгеден астам сомада табыс тапқан. Жедел шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан «Лотоматик» түріндегі 200-ге жуық ойын жабдықтары тәркіленіп алынды.

Бүгінгі таңда аталған факт бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

 

Хабар 24 телеарнасы