425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

  • 182
  • UPD: 10:15, 26.10.2020
2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды Bankchart.kz

1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам тарихи Отанымен табысып, оралман мәртебесін алды.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (56,9%) Қытайдан, 27,7% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (53,1%) және Маңғыстау (13,2%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,3%) қоныстанды.

9 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,5%-ті және зейнеткерлер 10,3%-ті құрайды.

Хабар 24 телеарнасы